Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл мерекенің орны бөлек. Бұл – батыр бабаларымыз бен тыл ардагерлерінің қажымас қайраты, қайсар рухының жеңісі. Биыл Ұлы Жеңістің 80-ші көктемі. Жеңіс мерекесі біздер үшін айрықша қымбат. Нағыз шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті, мұқалмас ержүректілікті, халықтар арасындағы келісім мен достықты бейнелейтін тарихымыздың ұмытылмас беті болып саналады.
Бүгінгі күні ата-бабаларымыздың осынау ерліктерінің арқасында біз бейбіт өмір сүріп, елімізді дамытуға, балаларымызды өсіріп, тәрбиелеуге мүмкіндік алдық. Бұл ретте біз соғыстың қайғы-қасірет әкелетінін есімізде сақтап, әрдайым бейбітшілікті сақтауға күш салуымыз керек. Ұлытау ауданында көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагері қалмаса да, баһадүр бабалар ерлігі халық жадында жаңғырып, бірге өмір сүреді.
Біз, барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және өркендеу тілейміз. Сіздердің ерліктеріңіз әрқашан біздің жадымызда!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.