Адал еңбек – ардың ісі
Еңбек – адамды адам ететін ең ұлы күш. Еңбек адамы – таңнан кешке дейін маңдай терімен тіршілік ететін, ел экономикасының іргетасын қалайтын қарапайым, бірақ қадірлі тұлға. Олар – күн сайын көзге көрінбейтін ауыр жұмысты атқарып, қоғамға өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар.
Қарапайым жұмысшы, шаруа, құрылысшы, ұстаз, дәрігер – бәрі де өз ісінің шебері ретінде ел болашағына қызмет етеді. Осындай еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Себебі олар – сөзбен емес, іспен дәлелдейтін нағыз батырлар.
Жастар осындай жандардың өміріне қарап бой түзеуі керек. Еңбек ешқашан еленбей қалмайды. Еңбегімен еленген адам – шын мықты!
Елдос ОСПАНБЕКОВ,
жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы.