ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕЙТОЙЫНА ҰРПАҚ ТАРТУЫ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында аудан орталығын абаттандыру, көркейту мақсатында аудан орталығындағы “Жеңіс” саябағына LED экран орнатылды. Тұрғындар мен аудан қонақтары үшін салынған электронды экран тау етегіндегі ауылға көрік беріп, жандандыра түсті. Алдағы уақытта да кезең-кезеңімен басқа ауылдық округтерде LED экран орнату жоспарда бар.
Айта кететін жағдай, осы аумақта былтырғы жылы демеушілер тарапынан ұлттық өнерімізді айшықтайтын қобыз бен домбыра мүсіні орнатылған еді. Қазіргі уақытта нысандар бір-бірімен үйлесім тауып аулымыздың көркін келтіріп тұр.
Сондай-ақ, саябақта климатқа бейімделген шырша, қарағаш, терек, үйеңкі тұқымдас барлығы — 360 дана тал көшеттерін егу жұмыстары жүргізілуде. Ағаштарды күтіп-баптау мақсатында 55 метр су ұңғымасы қазылып, 1500 метр жазғы суару жүйесі іске қосылады.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.