Еңбек адамы – қоғамның маңызды тірегі

Еңбек адамы — қоғамның маңызды тірегі болып табылатын тұлға. Оның еңбегі арқылы экономика дамып, мемлекет өзінің әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Еңбек адамына деген құрмет қоғамның тұрақтылығы мен дамуына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.

Еңбек адамы — ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларда жұмыс істейтін адамдар. Әрбір кәсіп иесінің еңбегі қоғам үшін маңызды, себебі ол біздің күнделікті өмірімізге қажетті заттар мен қызметтерді қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылық жұмысшыларынан бастап, құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер — барлығы да өз еңбектері арқылы қоғамның дамуына үлес қосады.Қазіргі қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеру өте маңызды. Білімді, кәсіби мамандардың еңбегін бағалау, оларға қолайлы еңбек жағдайларын жасау — мемлекет алдында тұрған маңызды міндет. Сонымен қатар, еңбек адамының еңбегін бағалауда қоғамның көзқарасы өзгеруі қажет. Жалақының әділ бөлінуі, еңбек заңдарының сақталуы еңбек адамының әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етеді.

Елдос ОСПАНБЕКОВ,
Ұлытау ауданының жастар ресурстық орталығы басшысының м.а.