Келелі мәселелер қаралды
Ұлытау ауданының əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Жиынға аудандық мəслихаттың төрағасы Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, аудан əкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары жəне ЗУМ платформасы арқылы кент, ауыл əкімдері қатысты. Күн тəртібінде «Көктем – 2025» командалық штабтық оқу жаттығуға дайындық жəне 1 наурыз – Алғыс айту мен 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні мерекелік күндерін атап өтуге арналған іс – шара жоспары туралы мəселелері қаралды.
Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Данияр Мұхамбетов баяндама жасап, штаб мүшелерінің негізгі міндеттерін атап өтті.
Аудан басшысы оқу-жаттығудың маңыздылығына тоқталып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырма беріп, жалпы қадағалауды аудан əкімінің орынбасары Аян Əбжамаловқа жүктеді.
Күн тəртібіндегі екінші мəселе бойынша ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов пен мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Қасымбеков баяндама жасап, аудан бойынша мерекелік іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Мерекелік жоспармен танысқан аудан басшысы аталған мерекелердің маңыздылығына тоқталып, барлық кент, ауылдық округтерде іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілу керектігін атап өтті. Аппарат мəжілісінде сондай-ақ, аудан бюджетінің 1 наурызға игерілу болжамы жəне мемлекеттік сатып алу конкурстары туралы экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин хабарлама жасап, кестеден кешігіп отырған ауыл əкімдерін атап өтті.
Аудан басшысы берілген бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, конкурстық құжаттарды заң талаптарына сай жəне мерзімінде орындауды тапсырды.
Жиын күн тəртібінде көтерілген мəселелер бойынша тиісті тапсырмалар берумен қорытындыланды.
Аудан әкімінің баспасөз орталығы.