Қылмыстық процестің жаңа форматы оңай әрі қолайлы

Қылмыстық процесті айыптау жағын азайту мақсатында ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына кезең-кезеңімен бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыт сот төрелігі саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды ескере отырып, қылмыстық қудалауға неғұрлым ізгілікті және әділетті көзқарасты көздейді.
Қылмыстық іс жүргізудің басты мақсаты — әділ сот төрелігін жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сот жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл процесте айыптау жағын азайту арқылы, азаматтарды негізсіз қудалаудан қорғау және тек нақты дәлелдер негізінде шешім қабылдау басымдыққа алынады.
ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесінде қылмыстық процестерде тепе-теңдік принципі үлкен рөл атқарады. Бұл дегеніміз, тергеу мен айыптаушы органдардың іс-әрекеттері объективтілік және әділдік қағидаттарына сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар, айыпталушының құқықтары мен мүдделерін қорғау маңызды болып саналады. Бұл тұрғыда адвокаттық қорғауды күшейту, сот процесінде дәлелдерді қарау, ашықтықты қамтамасыз ету шаралары қолға алынуда.
Қазақстанның құқықтық жүйесін реформалау аясында да қылмыстық процестегі айыптау бағытынан ауытқып, тергеу мен сот органдарының бейтарап және әділ қызмет етуі мақсатында шаралар қабылдануда.

Руслан КАЙСЫНОВ,
фельдшер.