Цифрландыру – бәсекеге қабілеттілік кілті

 

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында ұстаздардың қоғамдағы беделін көтеру мен білім беру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ол мұғалімдердің кәсіби дамуы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұстаздардың жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жалғаса береді, бұл олардың еңбегін әділ бағалау мен қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шара.
Тоқаев білім беру бағдарламаларын жетілдіру және оқыту әдістерін жаңғырту қажеттігін көтеріп, мектептердегі оқу жүктемесін азайту арқылы білім сапасын жақсартуға жағдай жасауға шақырды. Цифрландыру үрдісі мен заманауи оқыту әдістерін енгізу де маңызды бағыттардың бірі ретінде айтылды.
Бұл пікірлер білім беру саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларының бір бөлігі болып, ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру мен олардың еңбегін жоғары бағалаудың мемлекеттік саясаттағы басым бағыт екенін айқындайды.

Жансая ЕРІК,
мұғалім.