Инфрақұрылым өзегі – жол
Мемлекет басшысы 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет екендігін мәлімдеді.
Сонмен қатар бұл жұмыстардың ең алдымен энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс екендігі туралы айтып өтті. Оның ішінде көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басым екендігі туралы атап көрсетті. Еуразия құрлығының кіндігі саналатын еліміз үшін көлік инфрақұрылымын дамыту маңызды мәселелердің бірі. Көлік құралдары, теміржол вагондары мен кемелері, әуе жүктерін тасымалдау мен қоймалар, сонымен қатар цифрландыру және пайдалану тиімділігі де маңызды бағыттар саналады. Теміржол – Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі түрі. Көлік, логистика дегеніміз елдің өз ішін, содан соң мемлекет пен мемлекеттің, құрлық пен құрлықтың арасын жалғайтын, соған сай жергілікті, республикалық, халықаралық маңызы бар деп өзгеріп отыратын жолдар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында логистикалық нарықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптасқан. Алға қойылған мемлекеттік даму міндеттерін орындау үшін көліклогистикалық жүйені жаңғырту маңызды.
Елдос ОСПАНБЕКОВ,
«Ұлытау ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының м.а.