Әскерде заң мен тәртіптің сақталуы – маңызды міндет
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуына тоқталып өтті.
Соңғы кезде елімізде әскер саласында орын алған бірқатар орны толмас оқиғаларды ескеретін болсақ, осы мәселенің тікелей Президент бақылауында болуы қуантарлық жайт. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған әр азаматтың үйіне аман – есен оралуы отбасы үшін маңызды. Сол себепті армия басшылығы Президент тапсырмасын мүлтіксіз орындап, лайықты сарбаздар дайындауы тиіс. – айрықша маңызды міндет.
Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты.
Асылбек ОРАЗБЕК,
Ұлытау ауданының тұрғыны.