Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды
2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ел халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы дəстүрлі түрде еліміздің халқына арналды.
Əр жыл сайын ҚР Президент Жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің əлеуметтік — экономикалық дамуын одан əрі өркендетуге, жаңғыртуға негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Бұл маңызды оқиға əрбір қазақстандықтың жан дүниесінде жаңғырық табады деп күтілуде. Мемлекет басшысы өз өтініштерінде ел алдында, жалпы қоғам алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерді қозғайды.
Қасым — Жомарт Тоқаев келесі мəселелерге тоқталды: 1. Экономикалық даму; 2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру; 3. Сапалы білім беру; 4. Өңірлік саясатты жетілдіру; 5. Еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыру; 6. Саяси жаңғырту жəне адам құқықтарын қорғау; 7. Ұлттың ұйысуы — одан əрі дамудың басты факторы. Қ.Тоқаев, еңалдымен, Қазақстанның барлық азаматтарын əлеуметтік қолдауға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды. Бағдарламалық құжаттың мазмұны, менің ойымша, елдің алдағы жылға арналған даму жоспары болып табылады. Айтылып, ұсынылған Президент Жолдауы халыққа, қоғамға, мемлекет дамуы, өркендеуі үшін аса қажетті дүние. Еліміздің экономикалық дамуына халықтың əлеуметтік жағдайының артуы зор əсер етеді. Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін.
Ділназ ЕДІЛБАЙ,
оқушы.