Референдумның алдын ала нәтижесі: АЭС құрылысын халықтың 71,12 пайызы қолдады
Еліміздің болашағы, ұрпағымыздың ертеңі үшін Президент Жарлығының негізінде өткізілген бүкілхалықтық референдум да аяқталып, қазіргі таңда орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес алдын ала нәтижесіне қол жеткізіп отырмыз. Алдын ала нәтиже оң деп бағалануда. Яғни,оң дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрап отыр.
Референдумда ұсынылған ой көпшілік тарапынан қолдау тапты десек те болады. Заманауи технологиялардың қарыштап дамып келе жатқан шағында біз үздіксіз, тұрақты әрі таза энергия көзіне мұқтаж екендігімізді жерлестеріміз бар сана-түйсіктерімен қабылдаған сынды. Дамыған елдер қатарынан ойсырата орын алу үшін де энергияның алатын орны аса маңызды. Президент 2 қыркүйектегі Жолдауында ел өмірі үшін маңызды әрбір қадамды халықтың қолдауымен жасау қажеттілігі туралы атап өтті және іс жүзінде орындап, елімізде бүкілхалықтық референдум өтті. АЭС төңірегіндегі мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі т.б арқылы халыққа мардымды түрде жеткізілді.
Марфуға АБИЛЬДИНА,
Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты.