Қазақстандықтардың 71,12 пайызы қолдаған: референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды
ҚР Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
Аталмыш нәтижеге сүйенер болсақ, халқымызға АЭС қажет екендігі анықталуда. Себебі орталық референдум комиссиясы ұсынған мәліметке сәйкес референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрап отыр. Ел Президенті “халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасына құлақ аса отырып, саяси,экономикалық тұрғыдан маңызы орасан зор құрылыс тағдырын халықпен санаса отырып шешкені көңілімізге нұр ұялатқаны сөзсіз.
Осы кезекте бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілген нәтижелі жұмыстарды айтып кеткеніміз орынды. БАҚ нәтижелі жұмысының арқасында референдумды ойдағыдай өткізу мүмкіндігін иелендік. Ендігі кезекте нақты қорытындысы күтілуде.
Эльмира ЕРШУМАНОВА,
Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты.