«Мектепке жол» қайырымдылықтан басталады
Жыл сайын өткізіліп келе жатқан республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын табуда. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық тұрғыдан қолдау көрсету.
Аталған акция аясында «АМАNАТ» партиясының Ұлытау аудандық филиалы аудандық білім бөліміне 20 балаға арналған оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелерді табыс етті. Бұл сөмкелер аудан аумағындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға таратылатын болады. «Мектепке жол-2024» акциясы қыркүйектің 30-ына дейін өтеді. Көмек қолын созамын деген жомарт жандарға тоқтау салынбайды. Қайырымдылық жасау – кімнің болса да қасиетті парызы. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау көрсетуге үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, қайырымды жандарды белсене қатысуға шақырамыз.
Думан ӘДЕН,
Ұлытау ауданы білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері.