Суға шомылу маусымы: қауіп пен қатер

1. Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.
2. Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз жəне суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.
3. Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек.
4. Алкогольді сусындар ішкен жағдайда суға түсуге болмайды.
Тыйым салынады:
– Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
– Қатты толқын кезінде суға түспеу;
– Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу керек;
– Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
– Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;
– Дəрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.
Суда қауіпсіздік ережелерді сақтау қажет.
Суға тек арнайы жерлерде түсу; суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау; камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу; таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу; су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
Суға сынған банкілерді, əйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
Суға тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.

Ұлытау ауданы ТЖБ.