Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары!

Ауданда 20.05.2024 жылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тегін қаржылай сауаттылыққа оқыту курсы басталатынын хабарлаймыз. Оқыту курсы бес күнге созылады.

Аталмыш оқу курсын өту арқылы Сіз:
— қаржы сарапшыларының және мамандардың жеке консультациясын ала аласыз;
— жеке ісіңізді ашу үшін бизнес-жоспар дайындауда көмек ала аласыз;
— «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша түсініктеме-кеңестер аласыз;

Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар оқытылуы тиіс:
несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар;
дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар;
жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңадан бастауға тілек білдірген кәсіпкерлер.

Жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, борыштық жүктеменің өсуін шектеу, несиелік қарыздар көлемін азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін және оған тосқауыл қою жолдарын және қаржылық құжаттарды дұрыс рәсімдеуді үйренетін болады.

ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫНА АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША
ТӨМЕНДЕГІ БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСУЛАРЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ

«Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 8/71035/2-11-23, 2-13-68;
Тәлімгер, бизнес жаттықтырушы: Батырхан Мұхаметәлі Райымбекұлы — 8 705 478 2845