«Ата-анаға құрмет» аллеясына ағаш көшеттері отырғызылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ата-анаға құрмет» аллеясына ұлытаулық тұлға Байғара ТҰРСЫНБАЕВТЫҢ ұрпақтары жəне ауыл тұрғындары көшет екті. Шараға аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ қатысып, бастамаға қолдау білдірді.

– Аудан орталығын абаттандыру мақсатында былтырғы жылы өз қаражаты есебінен керемет туындыны пайдалануға берген Сіздерге алғыс айтамын. Өздеріңіз көріп отырғандай биыл əдемі көшеттер егіп жатырмыз. Бұл іс-шара басқаларға да үлгі болуы тиіс — деп атап өтті аудан басшысы.
Акцияға қатысқандар 40 түп шырша көшетін жəне 20 түп гүл екті.

Ұлытау ауданы əкімінің баспасөз қызметі.