Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни арасында биылғы ақпанда  қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау мәселесі қаралды.

«Қазақстан Президенті мен Қатар әмірі арасындағы уағдаластықтар еліміздің экономикасы үшін аса маңызы бар бірқатар мега-жобаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда заманауи қуатты газ өнеркәсібін құру жолында орнықты түрде алға жылжып келеміз. Жобаларды іске асыруда ешқандай іркілістер болмауы керек. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда», — деп атап өтті Үкімет басшысы.