«1414-тен хабарлама келсе, ашпаңыздар»: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде «1414-тен хабарлама келсе, ашпаңыздар» деген ескерту тарай бастаған. Автор «сілтемеге өтсеңіз, алаяқтарға тап боласыз» деп көрсеткен.
Алайда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ұйым 1414 нөмірінен келген хабарлама фейк емес екенін ескертіп, алаңдайтын ештеңе жоқ екенін атап өтті.
Бұл хабарлама eGov mobile жүйесінде тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілген.