Қариялар ықыласқа риза

Бүгін аудан әкімі Аманжол Мырзабеков Наурыз мейрамы қарсаңында ауданымыздың медицина саласының ардагерлері, қазыналы қарияларымыз Қаражігіт Әбдрахманов пен Жамал Бекмағанбетованың шаңырағына арнайы барып, сый-құрмет жасады.



Өз кезегінде жарты ғасырға жуық өмірін медицина саласына арнаған қарттарымыз Наурыз мейрамын үлкендерге құрмет көрсетумен бастаған аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой мен табыс тіледі.

Мұнан бөлек ауданымыздың құрылыс-сәулет саласының ардагері, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған Еркін Түсіпбековтың шаңырағына арнайы барды.

– Сіздің ауданымыздың өркендеуіне қосқан еңбегіңіз орасан. Өзіңіздің бойыңызда туған жерге деген жанашырлық, азаматқа тән барлық қасиет үйлесім тапқан. Аяулы жар, ардақты әке, адал дос, сенімді әріптес ретінде Сізге деген құрметім ерекше, деген аудан басшысы Еркін Қарақойшының иығына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, құрмет көрсетті.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.