Қазақстанда енді мал жаюға арналған жер конкурстық тәртіппен ғана беріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Осы мақсатта Жер кодексіне және «Жайылымдар туралы» заңға жайылымдардың жаңа түрі, яғни «қоғамдық жайылымдар» ұғымы енгізілді. Қоғамдық жайылымдар тек жергілікті тұрғындардың малын жаюға пайдаланылады. Олар жалға берілмейді. Қоғамдық жайылымға жатпайтын жайылымдардың жалға берілуі және шабындық үшін пайдаланылуы мүмкін.