Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Ол ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге талдау жасап, алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі үкімет пен барлық ведомство қызметінің басым бағыты ретінде әрдайым ерекше назарда болуға тиіс екенін атап өтті.