1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің хабарлауынша, жыл сайын көктем мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау үшін бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу енгізіледі. Мұндай ережелер 8 облыстағы трассаларда қолданылады.
Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары «Бесінші жол-климаттық аймаққа» кіреді.
Аталған уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін қолданылады.