ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ӨҢІРЛІК ЖЕТЕКШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Айна Жақсылыққызы Тажиева «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Ұлытау облысы бойынша өңірлік директоры болып тағайындалды.
1985 жылы 24 қазанда өмірге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, сондай-ақ Түркиядағы GAZI университетінің магистратурасын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы «Мегаинтеллект тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС атқарушы директоры болып бастады.
2020 жылдан 2024 жылға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында әртүрлі лауазымды атқарды.
Тағайындалғанға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында экономика бөлімін басқарды.