«Ауыл – Ел бесігі» – берері көп жоба

Қарсақбай кентінде мәдениет үйі «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында күрделі жөндеуден өтті. 112 миллион теңге қаражатқа нысанның төбесі ауыстырылып, еденіне жылу жүргізілген. Осылайша ылғал салдарынан мәдениет үйін ұзақ жылдан бері жылыта алмау мәселесі оң шешімін тапты. Одан бөлек есік-терезесі жаңадан салынып, қабырғалары мен қасбеті жөнделді.

Ғимараттың сахнасын ауыстыру және жеті кабинетті жаңарту – күрделі жөндеу жұмыстарының ішінде.

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының жұмыс сапары аясында алда мәдениет үйінің жиһаздарын жаңарту мәселесі тұрғаны айтылды. Одан бөлек өңір басшысы өнер ордасына классик жазушы Ілияс Есенберлиннің есімін беру ұсынысын білдірді.