Президент реформаларының нәтижелері мен жетістіктерін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы
Президент реформаларында алдымен биліктің бір қолда шоғырлануын шектеу бағытындағы өзгерістерге ерекше мән бергені, бұдан кейін іске асатын барлық игі істердің бастауындай көрінгені тағы рас.
Мемлекет басшысы атап өткендей, конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Іске асырылған реформалардың нәтижесінде Президент, Парламент, атқарушы органдар, сот және құқық қорғау жүйелерінің ұйымдастырылуы мен қызмет негіздерін реттеуші заңнамаға өзгерістер енгізілді.
Күрделі де маңызды конституциялық өзгерістердің нәтижесінде Елбасы саяси және экономикалық институттардың қызметтерін одан әрі үйлестіріп, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтты. Адам құқығы мен бостандығын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды.
Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Президент реформаларының арқасында еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері жеткен жетістіктері де орасан зор. Оның ішінде біздің Жаңаарқа ауданымыз да Президентіміздің реформаларының арқасында бірқатар жетістіктерге жетіп отыр.
Мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауданымызда құрылыс саласы қарқын алып, Жаңа Нұр ықшам ауданы пайда болды. Ауданымыздың күннен күнге өркендеп келе жатқанын
сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұның барлығы ел Тәуелсіздігінің арқасында. Тәуелсіздігіміз баянды бола берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Асхат Қайратұлы Қаппасов,
Жаңаарқа ауданының белсенді жасы.