«ҮЗДІК МЕКТЕП МҰРАЖАЙЫ — 2023» облыстық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусым айынан бастап «Үздік мектеп мұражайы-2023» облыстық конкурсы жарияланған болатын.

Алдымен аудандық, қалалық кезеңі өтіп, үздік деп танылған 4 мұражай облыстық сынға түсті.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде (1 млн теңге) —  Ұлытау ауданының №17 жалпы білім беретін мектебінің Күзеков Бекіш атындағы мектеп мұражайы;
І орын (500 мың теңге) —  Жаңаарқа ауданы, Ақтау жалпы білім беретін мектебінің «Мұражай» өндірістік кешені;

ІІ орын (300 мың теңге) —  Жезқазған қаласы, Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің Қабден Шыңғысов музейі;

ІІІ орын (200 мың теңге) —  Қаражал қаласы, №1 жалпы білім беретін мектебінің «Өлкетану» музейі.