Президент ұсынған саяси реформалар – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформаларының IV топтамасы 6 саяси бастаманы қамтиды. Оған сондай-ақ Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің 2021 жылғы 16 қарашадағы 6-шы отырысында қойған міндеттері де кірді.

Атап айтқанда, енді əйелдер мен жастарға арналған 30%-дық квота тек Ортсайлаукомге тапсырылатын партиялық тізімдерге ғана қатысты болмайды, партиялар ол квотаны депутаттық мандаттарды тарату кезінде де ескеруге міндеттелді. Сондай-ақ ел Президенті бұл квотаға мүгедектігі бар азаматтарды да қосуды ұсынды. Топтаманың өзге бастамалары адам құқықтары саласындағы іс-қимылды өрістетуге, қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға, сайлау заңнамасын əрі қарай жетілдіруге, жемқорлықпен күреске, гендерлік теңдікті сақтауға жəне əйелдердің саяси мүмкіндіктерін кеңейтуге, қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған. Яғни, бұл топтаманың үлкен бөлігі құқық қорғау сипатына ие.

М.СТАМҚҰЛОВ,
№17 Жанкелді жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі.