Президент реформасы – өміршең өзгерістер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары еліміздің әлеуметтік -экономикалық дамуы және жастарды жұмыспен қамту маңызды міндет деп санап, осы бағыттарға ерекше назар аударуда. Жастар бастамасын қолдау арқылы мемлекетіміздің жаңашыл бастамаларын дамытуда.
Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты жобалармен үлес қосатындар – жастар. «Отаны жоқтың – негізі жоқ» деп дана халқымыз бекер айпаған. Отанды сүю, оны көркейту біздің міндетіміз. Ал мемлекеттің тұрақты дамуының негізі жастар болғандықтан, еліміз жастарға ерекше назар аударады. Білім беру, жұмыспен қамтамасыз ету, баспана беру елімізде бірінші орында және осы тұста қолданатын тәсілдер үлкен нәтиже бермек. Жастарға түрлі салада білім беру және сол қызметтермен қамтамасыз ету бойынша көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Мысал ретінде, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алу, «Дипломмен ауылға» жобалары және әскери қызметке шақырту. Еліміз жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен қатар біліктілігін мен білімін арттыруға, мамандығын бірнеше рет ауыстыруға және де жаңа мамандықтарды игеруіне де көп көңіл бөледі. Сол себепті жыл сайын жастар арасындағы жұмыссыздық азая түсуде. «Өскелең ұрпақ әрдайым заман сұранысына сай бейімделуі қажет» деген еліміздің басты қағидасы бар.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік бағдарламалар арасында жастардың тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіппен айналысуына арнайы бағдарламалар биыл молынан қарастырылған.
Мусипова Жаннұр Әбілдақызы,
көпбалалы ана.
Қызылжар кенті.