Ардақ тұтатын айрықша күн

Әлемдегі барлық елдер азаттыққа қол жеткізген тарихи күндерін ардақ тұтып, өзге мерекелерден ерекше қастерлейтіні баршамызға аян. Себебі, әрбір адамзат баласы бостандықта, емін-еркін өмір сүруге құқылы.

Біздің еліміздің тарихында Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1990 жылғы 25 қазанда қабылданғаны белгілі. Бұл маңызды шешім Қазақстанның КСРО құрамында болса да, дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық базасын қалауға дәнекер болды. Дәл сол уақыттан бастап, алғаш рет ел аумағының тұтастығы, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту мен әлеуметтік-мәдени дамытудағы шараларды өз қолымызға ала бас¬ тадық. Қаншама ғасырлар бойы азаттық жолында өмірлерін сарп еткен батыр бабаларымыздың арман-тілектерін қа¬был еткен егемендікті өз халқымызмен қатар шетелдердегі қандастарымыз да қуана қарсы алды.
Бұл тарихи құжат ұлтымыздың шынайы тәуелсіздікті сезініп, намыс пен өрлікке бағытталған рухымызды көтеруге себеп болды. Осы кезеңде Қазақ КСР жеке ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер ұйымдарын дербес құру құқығына ие болдық. Декла¬ рацияның нәтижесінде ел аумағындағы қолданылатын КСРО заңдарын тоқтатып, жеке өзіміздің заңдары¬мызды қабылдай бастадық. Осы шаралардың ықпалымен 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республ謬 касының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдай алдық.
Егемендік декларациясының қабылдануы еліміздің жаңа замандағы жеке, дербес мемлекет құру символы деп санауға болады. 25 қазанының Республика күні ретінде жарияланып, ұлттық мереке қатарына қосылуы барша қазақстандықтардың тілегін ескеріп, мәртебесін көтерумен қатар, олардың жаңа қоғам құру жолындағы саяси реформаларды қолдауына сенім туғызары анық.

Мұратбек ЖҰМАБЕКОВ,
Жезді кентінің әкімі.