Ұлытау ауданының əкімі лауазымына үміткер Аманбек Данабекұлы Сүлейменовтің Сайлауалды бағдарламасы

Аманбек Данабекұлы Сүлейменов 1966 жылдың 13 қарашасында Ұлытау ауданы, Бозшакөл елді мекенінде дүниеге келген.

1982 жылы Жезді орта мектебін бітірді.
1982 жылы Қазақ ССР ауылшаруашылығы Министрлігі Жезқазған совхоз-техникумына оқуға түсіп,
1985 жылы зоотехник мамандығы бойынша, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін
2006 жылы журналист мамандығы бойынша тəмамдаған.
Еңбек жолын 1984-1985 жылдары «Ұлытау» совхозында ветеринарлық санитар, зоотехник болып бастаған.
1985-1987 жылдары Кеңес əскер қатарында;
1988-1990 жылдары «Ұлытау өңірі» газеті редакциясында əдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы;
1992-1996 жылдары Республикалық «Ақ босаға», Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде жауапты хатшы, əдеби қызметкер;
1996-2006 жылдары жеке кəсіпкер;
2006-2008 жылдары «Ұлар» ҚБ төрағасы;
2008-2010 жылдары «Нұр Отан» ХДП-ның Ұлытау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
2010-2017 жылдары Ұлытау ауданы Аманкелді селолық округі əкімі;
2017-2020 жылдары «Ұлытау» аудандық газеті редакторының орынбасары;
2020-2023 жылдары Қарағанды облысы Өңірлік кəсіпкерлік палатасы Ұлытау аудандық филиалы директоры;
2023 жылдан бастап Ұлытау облысы Өңірлік кəсіпкерлік палатасы Ұлытау аудандық филиалы директоры болып қызмет атқарады.
Отбасылы, 5 баланың əкесі.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Отанын сүйетін патриот əрі қарапайым азамат ретінде Ұлытау ауданы əкімі болған жағдайда төмендегі мəселелерді атқаруды алдыма мақсат етемін.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша

Заман талабына сай ауылшаруашылығының сапалы өнімдерін арттыру, көрсетілетін мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
— Аудан тұрғындарын қауіпсіз азықтүлікпен қамтамасыз ету;
— Аудан бойынша егістік жерлердің көлемін ұлғайтуға, жерді тиімді пайдалануды баса назар аудару;
— Бау-бақша шаруашылығын қолға алып, оларды жандандыру, көкөніс түрлерін егіп, олардан өнім өндіріп ішкі жəне сыртқы нарыққа шығарып пайда əкелу, халықты жұмыспен қамту шараларының бірі;

— Аудан көлемінде жеке кəсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайлар жасау.

Электроэнергия жəне автокөлік жолдары бойынша

— Тозығы жеткен ток желілеріне жəне жарық көздеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
— Ауыларалық жолдарды күрделі жөндеуден өткізу.

Абаттандыру жұмыстары бойынша

— Ауданның көшеаралық жолдарын реттеу;
— Аудан бойынша инфрақұрылымды дамытуды басты назарда ұстау.

Əлеуметтік сала

Тұрғындардың əлеуметтік мəселесін шешу, ең алдымен зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы, жасжəне аз қамтылған отбасыларына мейлінше көмек көрсетілуіне назар аудару; Мектептің, медициналық пункті, балабақша, клуб үйлері жəне тағы басқа əлеуметтік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жəне оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге барынша ықпал жасау.

Ауызсу мəселесі жəне санитарлық тазалық бойынша

Кент, село орталықтарында тұрғындарды ауызсумен қамтуды жолға қойып, тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қоқыс салатын арнайы жəшіктер орнатуға жұмыс жасау;
Көше, үй аулаларының тазалығы, жалпы абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

Құрметті аудан тұрғындары!

Егер Сіздердің көрсеткен қолдауларыңыздың арқасында Ұлытау ауданы əкімі болып сайлансам, онда барлық күш-жігерімді, тəжірибемді жұмсай отырып, Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын.