Жолдау – болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВТЫҢ Қазақстан халқына жария еткен Жолдауын Қазақстан халқымен бірге жастар да ерекше ықыласпен қабылдады.
Президенттің ел дамуы үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Осыған дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын бұл жолғы Жолдау ұстаздар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ерекше екпін берді.
Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты əлеуметтік қорғау жəне экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сын айтты. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді.
Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кəсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мəселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше, қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің əлауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.
Айжан БИМАҒАНБЕТ, мұғалім.
ҰЛЫТАУ ауылы.