Отбасы банкіндегі депозитті сату қызметі тоқтатылады

«21 тамыздан бастап Отбасы банкінде депозитті ақылы түрде табыстау (депозитті сату) қызметі тоқтатылады. Банктегі депозиттерді туыстарға аудару қызметі сақталады. Оны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, онлайн режимде де жасауға болады», — деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Бұл қызметті туысқандардың мына санаттары пайдалана алады:
▫️жұбайы (әйелі);
▫️ата-аналар (ата-ана);
▫️балалары, ағалары мен әпкелері (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек).

Сондай-ақ туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында да депозиттерді аударуға болады.