Министр: Қазақстанда барлық мектептің спорт алаңы тексеріледі
«Білім басқармалары кешеден бері барлық мектептің спорт алаңдарын тексеріп жатыр. Тек Астананың ғана емес, еліміз бойынша барлық мектептің спорт алаңдары мен құрал-жабдықтары тексеріледі», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Астана мектебіндегі футбол алаңындағы баланың өліміне кінәлілерді тергеу анықтайды, деп мәлімдеді министр.
Айта кетейік, елордада 10 жастағы балаға футбол қақпасы құлап қайтыс болды. Қайғылы жағдай №10 мектептің аумағында болған.