ҰЛЫТАУ МЕН ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – ЖАҺАН НАЗАРЫНДА

«МИР» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық филиалы Ұлытау облысында туризмді дамыту мақсатында Алтын Орда – Жошы ұлысы жайлы деректі фильмнің түсірілімін бастады. Телеарна өкілдері Ақмешіт Әулие, Хан Ордасы және «Ұлытау» сапар орталығында түсірілім жасады.

Сондай-ақ, түсірілім жұмыстары «Жошы хан» мазарында, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде жалғасын табады.

«МИР» телеарнасын әлемнің 14 елінде 176 миллион адам, ал «МИР 24» телеарнасын 20 елде 71 миллион адам тамашалайды.