Күрделі жөндеу жүргізілуде

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ұлытау ауданы Қарсақбай кенті мəдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қаражат республикалық жəне аудандық бюджет есебінен бөлінген. Жұмыстарды «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Мұнда мəдениет үйінің шатыры ауыстырылып, ғимараттың сырты қапталып, едені жаңартылып, кабинеттердің қабырғалары сырланады. Сондай-ақ, мекеменің жылу беру жүйесіне де жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Мəдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың 31 тамызында аяқталмақ.

Өз тілшімізден.