Ұлттық жоба іске асырылуда

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қолға алынған ауқымды жобалардың бірі – денсаулық саласын жетілдіру. Осы орайда, Ұлытау облысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының қатысушысы болды.

Орайы келгенде айта кетейік, аталмыш жоба ауылдық жерлерде медициналық көмек пен инфрақұрылымның сапасын жақсартуға бағытталған. Осы бағытта Ұлытау облысында ауқымды жобалар қолға алынуда. Соның бірі һəм бірегейі – ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды дамыту, сондай-ақ жергілікті халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы ұлттық жобаны іске асыру үшін бүкіл ел бойынша 99 медициналық нысанның құрылысына қомақты қаражат бөлінді. Ұлттық жобаға сəйкес, облыста 5 медициналық нысан салу қолға алынды. Бүгінде олардың бəрінің құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Атап айтқанда, облыста жақын арада Ұлытау ауданының Байқоңыр, Қоскөл, Мибұлақ, Терісаққан ауылдарында жəне Жаңаарқа ауданының Ынталы ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттер пайда болады. Ал, олар осы жылы ел игілігіне беріледі.

Аманкелді АҚШАЛ.