Құрметті ақжаулықты əжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар!
Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де шуақты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық əйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз жақындарыңыздың жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы бір тамаша көктем мерекесі əйелге тəн əдемілік пен нəзіктіктің мəңгі белгісі сияқты.
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл əлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тəуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Еліміздің нығайып, əлем таныған абыроймен бүгінгі күнге жету жолында асыл аналарымыздың, ардақты əпкеқарындастарымыздың əр салада аянбай еңбек етіп, өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.
Қымбатты аналар!
Махаббат пен төзімділік арқылы əр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, ұлттың дəстүрі мен салтын, мəдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Баршаңызға сарқылмас күш-жігер, қажымас қайрат пен келешекке деген сенімділік тілеймін. Қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақтың кепілі, жасампаз істердің дем берушісі болып қала беріңіздер!
Өздеріңізге, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ əрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.