Жалпыға бірдей декларация: кімдер, қашан және қалай тапсырады?
Жалпыға бірдей декларация басқармасының басшысы Дина ҚҰСАЙЫНОВАНЫҢ айтуынша, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Бюджетке салықтар жəне өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» № 121-VI ҚР Заңының 45-1 бабының негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларация төрт кезеңмен енгізіледі.
Жалпыға бірдей декларацияның бірінші кезеңі 2021 жылдың 1 қаңтарында басталды. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сонымен бірге оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары қамтылды.
Екінші кезең 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады, ол кезде мемлекеттік кəсіпорындардың жəне квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін бастапқы декларация қарастырылған.
Үшінші кезең 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады. Бұл уақыттан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), олардың жұбайлары, жеке кəсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды.
Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталатын төртінші кезеңде халықтың қалған санаттарының барлығы жалпыға бірдей декларация тапсыруға толықтай көшеді.
Ал декларацияны электронды түрде 2022 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet. salyk.kz), «электронды үкімет» порталы, сондай-ақ «e-SalyqAzamatмобайл қолданбасы арқылы ұсынуға болады.
Ұлытау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы