«109» қызметі іске қосылды

Ұлытау облысында «109» бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Аталмыш байланыс орталығына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қаланы абаттандыруға байланысты кез-келген мəселе бойынша жүгінуге болады, дейді орталық мамандары.

Орталықтың операторлары мен мамандары коммуналдық жəне авариялық қызметтермен тікелей байланыста. Бұл қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштер бойынша жұмысты едəуір жеделдетеді. Сонымен қатар, қалыптасқан өзара іс-қимыл қабылданатын шаралардың уақытылығы мен сапасына кепілдік береді.

Бірыңғай байланыс орталығында орындалатын жұмыстардың кезеңдеріне жəне олардың талаптарға сəйкестігі үнемі қадағаланады. Мұнда əр шағымды жеке қарайды. Ұлытау облысының тұрғындары «109» бірыңғай байланыс орталығына тəуліктің кез келген уақытында хабарласа алады. Қоңырау стационарлық жəне ұялы телефондардан тегін.

Орайы келгенде айта кетейік, «109 бірыңғай байланыс орталығы» жобасы бүкіл республика аумағында сəтті іске асып жатыр. Оны Ұлытау облысында енгізу халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты мəселелерді шешуге жаңа серпін береді.

Өтініштер мынадай байланыс құралдары арқылы қабылданатын болады:

109 қысқа нөміріне қоңырау шалу (қалалық жəне ұялы телефондардан тегін),

Instagram:  @ulytau.109

Telegram чат-боты:  https://t. me/ulytau_109_bot

WhatsАpp: https:// wa.me/77077901109

Электрондық пошта: ulytau109@gmail.com

Мобильді қосымша: Көмек-109

Шағымдарды қабылдау сайты: https://ulytau.komek109. kz/