ҮЛЕСКЕР ҮМІТІН АҚТАУ ҮШІН…
Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы салыну сатысындағы тұрғын үйлерге алдын ала ақша салмас бұрын уәкілетті органға хабарласу қажеттігін ескертеді.
Белгілі болғандай, үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары жоқ өңірдегі бірқатар құрылыс компаниясы салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқандығы туралы және оны броньдау үшін бастапқы соманы салуды ұсынып, құрылыс аяқталғаннан кейін тұрғын үйдің шаршы метрі құнының бірнеше есе қымбаттайтындығын алға тартып жарнамалауда.
Құрылыс салушы компаниялардың заңсыз әрекеттері салымшылардың алданып қалуына немесе қаражат пен баспанадан айырылып қалуына әкеліп соғуы ықтимал. Үлескердің ақшасын тартуға рұқсат қағазы жоқ компаниялар қаражатты құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін, яғни объектіні пайдалануға беру актісінен кейін ғана қабылдай алады.
Осыған байланысты, облыс тұрғындарының жарнамаға қызығушылық таныту кезінде Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына алдын ала хабарласуды сұраймыз.
Біздің мекенжайымыз: Жезқазған қаласы, Омаров көшесі, 7, 2 қабат, 25,29,30 кабинеттер.