Ұлағатты ұстаз, мәртебелі мұғалім

Кешеден бері əлеуметтік желі əлемі – «Ulytau» газетінің тілшісі Қайрат ЖҰМАБАЕВ 60 жасқа келді» деп жар салып жатыр. Ұлытау даласының шежірешісіне айналған айтулы басылымның журналисін аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ арнайы құттықтапты. Бұл, əрине, киелі жердің басшылығының қаламгерге деген құрметі.

…Ал, мен тілші Қайрат емес, мұғалім Қайрат жөнінде айтқым келеді. Себебі, Қайрат Жұмабаев – №2 Қорғасын орта мектебінде қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің ұлағатты ұстазы болды. Менің жəне менің сол кездегі қатарластарымның аталған пəнге деген қызығушылығын арттырған да осы Қайрат мұғалім. Сабақ беру тəсілі тым ерекше еді. Ауыз əдебиетінің жауһарлары саналатын «Қыз-Жібек», «Батыр Баян», «Қозы көрпеш – Баян сұлу» сынды классикалық туындыларды жатқа айтатын. Өлеңге таласы бар балаларды қосымшаға шақырып, мектеп деңгейінде түрлі мүшəйралар да ұйымдастыратын. Бүгінде Қайрат мұғалімнің дəрісін тыңдаған шеңберлік түлектер жас облыспен қатар еліміздің əр түкпірінде жемісті еңбек етуде.
Менің журналистік саланы таңдауыма да Қайрат мұғалімнің септігі бар. Себебі, қазақ əдебиетінің інжу-маржандарына қызықтыра білген ұстаз, қазақ журналистикасының əлеміне де жетелей білді. Қазақта: «Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты», – деген аталы сөз бар. Бұл ретте, оқушыларының жүрегіне білім нұрын себе білген Қайрат мұғалім сынды ұстаздардың еңбегі ерен!
Асқаралы 60 жасыңыз құтты болсын, ардақты ұстаз!!!

Мұқағали СЕЙТҚАЗЫ,
«ULYTAU» облыстық телерадиокомпаниясының тілшісі,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.