2026 жылы мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды
Астанада Ветеринариялық қызмет пен мал шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген саланың ардагерлері қатысты.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атынан қатысушыларды Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтады.

Салтанатты рәсім мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстаумен аяқталды.
