1945–2025: Жеңіске 80 жыл – тарихқа тағзым
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тарихымыздағы ең маңызды, ең қастерлі оқиғалардың бірі. Бұл күн – бейбітшіліктің, ерліктің, отансүйгіштіктің символы. 1945 жылғы 9 мамыр – ата-бабаларымыздың жанқиярлықпен қорғап қалған Жеңіс күні.
80 жыл – бұл бірнеше ұрпақтың бейбіт өмір сүріп, өсіп-өнген уақыты. Осы жылдар ішінде соғыстың зардабы ұмытылмай, ардагерлеріміздің ерлігі әрдайым еске алынып келеді. Бұл күн – тек өткенді еске түсіретін ғана емес, келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің де үлкен үлгісі.
Бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған ерлерге тағзым ету – біздің азаматтық борышымыз. Олардың ерлігі – мәңгілік. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Азамат БЕЙСАЛЫ,
«Ұлытау» ұлттық парктің орынбасары.