Адал еңбектің аты – әрқашан биік

Еңбегімен елге үлгі болып жүрген әрбір жан – құрметке лайық. Қиындығына мойымай, табандылықпен еңбек етіп жүрген азаматтардың арқасында еліміз өсіп-өркендеуде. Нағыз байлық – адал еңбекпен келетін табыс.

Қоғамның дамуы – еңбек адамының табанды тіршілігімен тікелей байланысты. Олар көзге көрінбей, үнсіз еңбек етсе де, әр ісінен үлкен жауапкершілік пен елге деген сүйіспеншілік сезіледі. Осындай адамдарға алғыс айту – құрметтің үлкені.

Қарапайым еңбек иелері – ауылда болсын, қалада болсын – өміріміздің нағыз тірегі. Оларсыз ешбір сала дамымайды, ешбір табысқа жету мүмкін емес. Еңбекке адалдық – адамгершіліктің биік өлшемі.

Әмірәлі КЕНЖЕБАЕВ,
кәсіпкер.