Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты. Жолдау- жарқын болашақ жетекшісі
Әр жылғы жарияланатын Жолдауды асыға күтеміз. Себебі Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асатыны анық. Биыл мемлекет президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм»- атты Жолдауын аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қанат Шубайұлы бастап, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары, ардагерлер мен қоғамдық ұйым басшылары, мемлекеттік қызметкерлері бір кісідей тыңдады.
Мемлекет басшысының халыққа жариялаған Жолдауындағы бірінші: Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, екінші: Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу, үшінші: Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау, төртінші: Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, бесінші: Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру, алтыншы: Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, жетінші: Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеу, сегізінші: Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, тоғызыншы: Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет бөлімдеріндегі айтылған барлық мәселе күннен
–күнге қарыштап дамып келе жатқан еліміздің әлеуетін артттыруға бағытталғаны айқын.
Жолдауды тыңдап, ондағы айтылған мәселелерді өз орталарында, жұмыскерлер мен қызметкерлер арасында насихаттауға, жалпы халықты құлақтандыруға ниетті басшылар, Жолдауда көтерілген мәселелер жайлы ой бөлісті.
Салтанат АМАНҚЫЗЫ.