Жұртты алаңдатқан интернет-алаяқтық

Бүгінгі таңда әр азамат күнделікті өмірде интернет ресурстарын кеңінен пайдаланады. Осының нәтижесінде интернеттегі алаяқтық деп аталатын қылмыстардың өсімі байқалады.

Алаяқтардың саны жыл сайын артып келеді. Интернет-алаяқтық қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді түрлі қылмыстық іс- әрекеттер жасайды. Мемлекет тарапынан аталмыш қылмыс түрімен күресу мақсатында түрлі ізін кесу жолдары ойластырылуда. Алайда алаяқтық қылмыстарының саны азаяр емес. Сол себепті әр азамат өзін алаяқтық қылмысының құрбанына айналдырмас үшін, сақ әрі мұқият болып, өзі туралы деректерді бөтен адамдарға жариялаудан бас тартуы тиіс.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
көпбалалы ана.