Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Жаңа 2023 жылдың табалдырықтан аттауымен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз әр жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтар мен ерекше оқиғаларды еске аламыз. Жылды қорытындылар кезде тың жоспарлар түзіп, алдымызға ауқымды мақсаттар қоямыз.

Өткен жыл еліміз үшін санамызға сілкініс, өмірімізге өзгеріс әкелген, ерен еңбегімізді жемісті етіп, толымды табыстарға жетелеген елеулі жыл болды. Ең бастысы, Мемлекет басшысының Жарлығымен облыс қайта құрылып, оған киелі Ұлытаудың аты берілді.  Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күтетін халықпыз. Осы ретте, жылыстап бара жатқан жыл аудан үшін нәтижелі болғанын атап өткен жөн. Келер жылы да өңірде тұрғындар игілігіне бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын тауып, жаңа бастамалар жүзеге асады.

Аудандағы тындырымды істер мен жетістіктерде Сіздердің әрқайсыңыздың жеке қолтаңбаларыңыз бар. Жалпы облыстың даму көрсеткіштерінде ұлытаулықтардың да үлесі зор. Еселі еңбектеріңіздің нәтижесінде өңір экономикасы қарқынды дамып келеді.

Ардақты ағайын!

Баршаңызға елге жанашыр ниеттеріңіз бен қарымды іс-әрекеттеріңіз үшін шексіз ризашылық білдіреміз.

Жаңа жыл әр шаңыраққа ырыс-несібесін ала келіп, өрлеуге жол ашатын, қиындықтарды еңсеретін, жаңашылдыққа ұмтылдыратын жайлы да мерейлі жыл болсын!

Жаңа жылды әр адам үкілі үмітпен, ақ тілекпен қарсы алады. 2023 жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын!

Баршаңызға амандық, мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!

Жаңа жыл құтты болсын!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,

Ұлытау ауданының әкімі.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы.