Тасқынның алдын алу шаралары жасалды
Соңғы жылдары елімізде көктемгі су тасқыны үлкен залалдар келтіруде. Сондықтан оған ертерек қамдық жасау күн тəртібінде тұр. Осыған орай Ұлытау облысы əкімінің өкімімен аумақты көктемгі су тасқынынан қорғау іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы штаб жұмыс істеуде. Құрам қазіргі уақытта жоғары дайындық режимінде.
Қазір өңірде осы іске жауапты бөлімдер мен ұйымдар қажетті материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қорын дайындады. Атап айтқанда, 72 тонна жанар-жағар май, 10,5 тонна азық-түлік, 4000 тонна инертті материал, 14 000 дана қап дайын тұр.
Су тасқынын болдырмаудың тағы бір жолы – елді мекендерде жүйелі түрде қар күреу жұмыстары. Қолымызға түскен ақпараттарға қарағанда, бүгінгі таңда облыс аумағында 250 мың текше метр қар шығарылған, жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, Ұлытау облысының аумағында зардап шеккен халықты уақытша қабылдауға арналған 44 қабылдау пункті дайындалған. Бұл орындардың жалпы сыйымдылығы 34218 адамды құрайды. Жоспарға сəйкес су тасқынына бейім елді мекендерді, су тасқынына қарсы бөгеттерді, гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль жолдарын, эвакуациялық пункттерді, сонымен қатар жұмылдырылатын күш құралдарды негізге ала отырып топографиялық карта əзірленді.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.