Табыс көзі – тігіншілік
«Шебердің қолы алтын», дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – тігіншілік өнері. Қазақ қашаннан он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. Осындай ісмер жандардың бірі – Айзада Сансызбайқызы Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылдық округінің тұрғыны.
Тігіншілік өнер арқылы адамның бойына шабыт беріп, көңілге шаттық ұялатып жүрген шеберіміздің туындылары оның ішінде шымылдық, балаларға арналған ұлттық киім түрлері бүгінде ауыл тұрғындарының арасында үлкен сұранысқа ие. Жалпы, тігін өнеркәсібі – әлем экономикасының алдындағы үлесі мен салмағы жоғары кәсіп десек те болады. Жас тігінші Айзада Сансызбай өзінің кәсібі сүйікті ісі екендігін мойындайды. Тігіншілік, қолөнер шеберлігімен айналысу бүгінгі заманның ең табысты кәсіптерінің бірі.