Спорт нысандарын аралады

Аудан әкімі Советбек МЕДЕБАЕВ жұмыс сапарымен Жезді және Қарсақбай кенттеріне барды. Онда жаңадан бой көтеріп жатқан спорт кешендерінің құрылыс жұмыстарын бағамдады.

Алдымен, аудан басшысы Жезді кентіндегі салынып жатқан 160 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысын барып көрді.

Бүгінгі күні нысанның іргетасы қаланып, 23 темір конструкциясы тіреулері мен 22 белдеулері орнатылған. Жұмыстарды мердігер ұйым – «Қараганда Строй Конструкция» ЖШС атқаруда. Бұл нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аудан басшысы Советбек Тұрсынұлы құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерге құрылыстың сапалы әрі жүйелі түрде атқаруды, жоспарға сәйкес уақытында аяқтауын тапсырды.

Аудан басшысы одан кейінгі сапарын Қарсақбай кентіндегі 100 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жалғастырды. Бұл салынып жатқан нысан биылғы жылы аяқталып, пайдалануға берілмекші. Қазіргі таңда жұмыстарды «Самға» ЖШС атқаруда.

Аудан әкімі Советбек Медебаевпен бірге ресми топ құрамы да аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бегаев, аудан әкімінің кеңесшісі Алмас Жандарбеков, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Берік Әбілов те болды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.